Тайрон Маккенна: Жанқош Тұраров мықты қарсыласпен кездескен жоқ
Британиялық боксшы Тайрон Маккенна (21-2-1, 6 КО) қазақстандық Жанқош Тұраровқа (24-0, 17КО) қарсы өтетін жекпе-жек туралы айтты, деп жазады Prosports.kz.
Еске сала кетейік, Жанқош Тұраров - Тайрон Маккенна жекпе-жегі 3 сәуірде Дубайда (БАӘ) өтеді.
«Қазақстандық боксшылар әуесқой бокстағы өнерімен танымал. Бірақ Жанқош Тұраров мұндай жетістігімен мақтана алмайды. Оның рекорды керемет көрінеді, бірақ ол мықты қарсыласпен жекпе-жек өткізген жоқ. Оның нақты деңгейін анықтау қиын. Біздің жекпе-жек осы сұрақтарға нақты жауап береді.
Егер жекпе-жектерінің видеосын көрсеңіз, ол өте жоғары деңгейде көрінуі мүмкін. Бірақ оның көптеген кемшіліктерін байқадым. Сонымен қатар, мен ұзын боксшымын, бұл оған белгілі дәрежеде қиындық туғызады», - деді Маккенна Seconds Out Boxing ютуб-арнасына берген сұхбатында.