«Айша Бибі» «КИНЕФ-2» клубын қапы қалдырды

Әйелдер арасындағы су добынан Ресей чемпионатының бесінші турындағы шешуші матчта тараздық «Айша Бибі» киришилік «КИНЕФ-2» командасын сенімді жеңді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Алғашқы үш кезең бойы қос команда да тең дәрежеде өнер көрсетті – нәтижесінде тараздық ватерполшылар тек бір ғана гол айырмашылығымен жеңіп жатқан. Алайда төртінші кезеңде «Айша Бибі» қарсыласының қақпасына жауапсыз алты гол салып, 15:8 (3:3, 3:2, 3:3, 6:0) есебімен жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или