Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров әлем чемпионатында 32-ші болды
<span>Стокгольмде мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында ерлер арасында жекелей сайыс бойынша үздіктер анықталды, деп хабарлайды ҰОК сайты. </span>
<span>Ерлер арасындағы бәсекеде АҚШ спортшысы Натан Чан еркін бағдарламада 320.88 ұпай еншілеп, үш дүркін әлем чемпионы атанды. </span>
<span>291.77 ұпай жинаған жапониялық 17 жасар Юма Кагияма күміспен күптелсе, екі дүркін Олимпиада чемпионы жапониялық Юдзуру Ханю 289.18 ұпаймен қоланы қанағат тұтты. </span>
<span>Айта кетерлігі, еркін бағдарламада қазақстандық спортшы Михаил Шайдоров 59.14 ұпай еншілеп, әлем чемпионатын 32-ші орында аяқтады. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или