Станислав Калицкий Ресейде жеңіске жетті

Станислав Калицкий Ресейде жеңіске жетті

Бүгін Екатеринбургте (Ресей) RCC Boxing Promotions промоушен ұйымдастыратын бокс кеқазақстандық боксшы Станислав Калицкий жекпе-жек өткізді.

Станислав Калицкий қарсыласы ресейлік Павел Маликов (16-3-1, 6 КО) бесінші раундта нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.

Қазақстандық боксшы өзінің соңғы жекпе-жегін 2020 жылдың тамызында өткізіп, сегізінші раундта Дмитрий Хасиевтен нокаутпен жеңіліп қалған еді (10-2-2, 4 КО). Қазақстандық үшін бұл кәсіби мансабындағы алғашқы жеңіліс болды.

Павел Маликов қараша айында жекпе-жек өткізіп, ол да нокаутпен ұтылды. Роман Андреев екінші раундта Павелді (24-0, 17 КО) нокаутқа түсірді. Маликов WBC және WBA тұжырымдары бойынша жеңіл салмақта Азия чемпионы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или