Уго Льорис: Қазақ халқының қонақжай екенін сезіндім
Франция құрамасының капитаны Уго Льорис баспасөз мәслихатында өз ойымен бөлісті.
– Ойынның оңай болмасы сөзсіз. Бес сағаттық уақыт айырмашылығына үйренісу қиын болып тұр. Дала салқындау екен, дегенімен бізге бар жағдай жасалған.
Егер қарсыласымызды бағаламасақ, бұл бізге қымбатқа түсуі мүмкін. Бельгия қазақ жерінде ойнап, бар-жоғы 0:2 есебімен жеңіске жетті. Оларға бұл жеңіс оңайға соққан жоқ. Ертең біз өзіміздің ең үздік ойынымызды көрсетуге тырысамыз.
Матч Украина құрамасына қарсы өткен ойындағыдай болады деп ойлаймын. Қазақстанға әуежайда күтіп алған қонақжайлылықтары үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді, – дейді Уго Льорис.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или