Головкин мансабында қанша табыс тапты?

Головкин мансабында қанша табыс тапты?

Boxingnews24 басылымының бокс сарапшысы Энджел Флауэрс қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкиннің кәсіби мансабында қанша табыс тапқанын есептеді.

– Головкин мексикалық Сауль Альвареске қарсы екі жекпе-жегінде бар табысының 90% тапты. Ол мансабында шамамен 30-35 миллион доллар қаржы жинаған. Ал "Канелоға" қарсы екі айқас үшін 37 миллион сыйақы алды.

Сауль Альварес түрік боксшысы Авни Йылдырым кейінгі жекпе-жегі үшін және британиялық Каллум Смитке қарсы айқаста 20 миллионнан алды, - деп жазды Флауэрс.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен "Канело" 2017 және 2018 жылдары жұдырықтасты. Жалып, қазақстандық боксшы мансабында 43 жекпе-жек өткізіп, тек біреуінде жеңіліс тапқан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или