Ангелина Лукас: Назым барлық ірі турнирде жеңіліс тапты

Ангелина Лукас: Назым барлық ірі турнирде жеңіліс тапты

Бокстан Қазақстанның үш дүркін чемпионы Ангелина Лукас Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында Назым Қызайбаймен арадағы кикілжің туралы айтып берді.

— Ангелина, бәрі неден басталғанын айтыңызшы.

— Болгариядағы турнирде жақсы нәтиже көрсеткенімнен кейін басталды. Кейінгі 20 күнде екі халықаралық жарысқа қатысып, екеуінен де олжалы оралдым.

Назым Қызайбай болса Болгарияда бірінші жекпе-жегінде-ақ қарсыласына есе жіберді. Одан кейін Түркияға мен, Назым және Жайна Шекербекова үшеуміз бардық. Бірден басын ашып айтайын, мен Шымкент қаласы спорт бөлімінің қолдауымен, ал Назым ҰОК қаржысына жарысқа барды. Турнирге ресми шақырту алмасам да, өзімді дәлелдеу үшін бақ сынадым. 

Жартылай финалға дейін жетіп, түрік боксшынан ұтылдым. Бірақ шу шығарып, рингте жылаған жоқпын. Жеңілісті лайықты қабылдадым. Шет жерде жеңісті өзіне алып қалатынын түсіндім.

Ертеңіне Назым мені және бокс федерациясын кінәлап, мені құрамаға біреу сүйреп жүр деп айыптады. Мен 51 килоға ауысқалы оның жолы бола қоймады деп елді адастырып жүр. 

Шындығына келгенде, Олимпиада салмағына 2015 жылы өткенмін. Ол кезде жастар құрамасы сапында бақ сынадым. Содан бері ол барлық жоғары деңгейлі халықаралық жарыстарда жеңіліс тапты. Ең қызығы, ХОК рейтингінде 49 боксшының арасында 40-шы орынға жайғасқан. 

Енді сұрақ: менің не қатысым бар? Ол бес жылдан бері 51 килоға дейінгі салмақта бірде-бір үлкен халықаралық додада жүлде ала алмады. Оның мені, бокс федерациясын айыптап, бүкіл Қазақстанға қолдау көрсете қоймады деп ренжігенін түсінбедім. Іске келгенде, бес жылдан бері бүкіл жеңілісіне, сәтсіз нәтижесіне көз жұмып қарап келеді. Осыған қарамастан ол құрамада ең жоғары айлық алады – 400 мың теңге. Мысалы, менің айлығым 59 мың теңгені құрайды. 

Ол адал бәсекелестіктен қорқып, маған жала жапты. Жастар өсіп келе жатқанын айту керек. Ол тек құрамадағы орны мен айлығынан айырылып қалам деп қорқады. Сол үшін жарыстарда оған қиянат жасады деп айтып жүр. 

Шымкент спорт федерациясы мені сүйреп жүр дегенге келер болсам... Шымкентте өткен Қазақстан чемпионаты мен Спартакиадада Назымға жеңісті бергені бар. Спартакиадада төреші бірінші раундта-ақ ескертусіз менен бір ұпайды алып қойды. Назым 3:2 есебімен жеңсе де, төрешінің сосын 1 жылға шеттетіп тастады. 

— Назым Қызайбай Олимпиада салмағына өткелі бірде-бір үлкен додада жүлде алмағаны ма?

— Дәл солай. Барлық жарыста жеңіліп қалды. Сол үшін де рейтингте төмен тұр. 

— Егер нәтижесі нашар болса жарыстарға неге тек ол барды?

— Мен бір мәрте Иорданияға бардым. Сонымен болды. Басқа ешкімге мүмкіндік бермеді. Мені дәл солай Азия және әлем чемпионаттарына апарса, әлдеқашан жүлде алатын едім. 

— Ол өзін «құрамадан кетіріп» жатыр деп айтты.

— Спартакиада мен Қазақстан чемпионатында жеңісті оған берді. Онда қалайша құрамадан кетірмек? Ол он жылдан бері құраманың бірінші нөмірлі боксшысы. Болгариядағы жарысқа мені, тіпті, тізімге қоспаған. Соңында қаламмен жазуға тура келді. Салмақ өлшеуге келсем, тек Назым Қызайбай барады деп айтты. 

Бокс федерациясының оған артқан сенімі мол, бірақ ол осындай әңгіме айтып жүр. Түркияға да қалалық спорттың қаржыландыруымен бардым. Бас бапкері мені жарысқа апарғысы келмеді, тек Назым барады деді. 

— Назыммен бұл жағдайға қатысты жеке сөйлестіңіздер ме?

— Жиналыс болды. Бас бапкер Назымның сұхбатын меңзеп, не болып жатқанын сұрады. Егер ренішің болса бетке айт деді. Бірақ ол маған ләмлим демей қарап тұрды.

«Мені ұлттық құрамадан қуып жатыр, бірақ мен Токиоға бару үшін бәрін істеймін»

Ангелина Лукас: UFC-ге шақырды, алайда бәрін тастап кете алмаймын

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или