«Спартак» бас бапкерімен қоштасады

«Спартак» бас бапкерімен қоштасады

Мәскеулік «Спартак» хоккей клубы бас бапкер Олег Знарокпен келісімшартын ұзартпайды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін «Спартак» хоккей клубы Бақылау кеңесінің отырысы өтті. Олег Знароктың жаттықтырушылар құрамымен келісімшартты ұзартпау туралы шешім қабылданды. Бақылау кеңесінің басқа шешімдері кейінірек жарияланады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, ресейлік хоккейдегі ең атақты бапкерлердің бірі, 58 жастағы маман Знарок 2019 жылдың көктемінде «Спартактың» тізгінін ұстаған еді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или