Қазақстандық жұп Хорватиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық жұп Хорватиядағы турнирдің ширек финалына шықты

<span>Қазақстандықтар Александр Недовесов пен Андрей Голубев Хорватиядағы Задар челленджер турнирінің ширек финалына шықты.</span>

<span>Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, осы доданың 1-ракеткасы болып тіркелген А.Недовесов пен А.Голубев бастапқы кездесуін италиялықтар Марко Бортолотти – Алессандро Джаннесимен өткізді. Қазақстандық жұп 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.</span>

<span> Олар 1 сағат 8 минутқа созылған бәсекеде екі мәрте брейк жасай білді. А.Недовесов пен А.Голубев жартылай финалға шығу үшін босниялық Томислав Бркич – хорватиялық Нино Сердарушич немесе чехиялық Вит Коприва – испаниялық Николас Санчес жұптарының қай жеңгенімен таласады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или