Дияс Майамидегі турнирдің екінші айналымына шықты

Дияс Майамидегі турнирдің екінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Майамидегі турнирдің екінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы кездесуінде Дияс америкалық Винус Уильямсты екі сетте 6:2, 7:6 есебімен жеңді.

Матч 1 сағат 30 минутқа созылды.

Жарыстың үшінші айналымына шығу үшін Дияс швейцариялық теннисші Белинда Бенчичпен ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или