Мұсаханов: Егер Гонгорамен реванш өтсе, Ахмедов оны қиындықсыз жеңеді
Қазақстандық боксшы Әли Ахмедовтің жаттықтырушысы Сағатбек Мұсаханов Prosports.kz тілшісіне шәкіртінің эквадорлық Карлос Гонгорадан жеңілгеннен кейінгі жағдайы туралы айтты.
- Сағатбек-аға, Әли қазір қандай күйде? Ол сізбен бірге жаттығып жүр екен.
- Иә, онымен сөйлестік. Жеңіліс артта қалды, енді ештеңені өзгерту мүмкін емес. Болашақ туралы ойлаған жөн. Қазір оның көңіл-күйі жақсы.
Оның негізгі дайындығы Америкада өтеді. Алматыда көбінесе техникалар және тактикалық жаттығулар жасадық. Егер Карлос Гонгорамен реванш болса, Әли оны оңай жеңеді деп ойлаймын.
- Егер құпия болмаса, Әли рингке қашан оралуды жоспарлап отыр?
- Менің ойымша, мамыр айының соңына қарай шаршы алаңға шығады.
Айта кетейік, былтыр желтоқсанында Әли Ахмедов вакантты IBO титулы үшін өткен жекпе-жекте эквадорлық Карлос Гонгорадан жеңіліп қалды.