WBO рейтингі: Екі қазақстандық боксшы алғашқы бестіктен көрінді
Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) рейтингінде қазақстандықтар көп емес, деп хабарлайды Prosports.kz.
WBO тізіміндегі ең жақсы позиция WBO Global белбеуінің иегері орта салмақтағы Жәнібек Әлімханұлына (3 орын) тиесілі. Одан үш саты төмен Қанат Ислам (6-шы) орналасты. Бұл салмақтағы чемпиондық атақ америкалық Деметриус Андраденің еншісінде.
Сондай-ақ, өз дивизионының үздік бестігіне супер орта салмақтағы Айдос Ербосынұлы (WBO Global) кірді. Ол төртінші орында. Бұл ұйымның белбеуі Билли Джо Сондерске тиесілі, ол мексикалық Сауль Альвареспен (WBC, WBA чемпионы) 8 мамырда Арлингтон қаласында жекпе-жек өткізеді.
Бірінші орта салмақта WBO Asia-Pacific Youth аймақтық белбеуі Нұрбол Сұлтанбайға тиесілі. Бірақ ол өз дивизионында алғашқы ондыққа да енбей қалды.