Әли Ахмедов мамырда рингке оралады

Әли Ахмедов мамырда рингке оралады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов (16-1, 12КО) рингке көктемнің аяғына дейін оралады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жақында Әли Калифорнияға мамыр айына жоспарланған келесі жекпе-жекке толық дайындық үшін барады. Соңғы бірнеше айда Ахмедов өзінің алғашқы жаттықтырушысы Сағатбек Мұсахановтың жетекшілігімен Алматыда жаттықты.

Еске салайық, қазақстандық боксшы рингке соңғы рет былтыр желтоқсанда шығып, эквадорлық Карлос Гонгорадан (19-0, 14КО) жеңіліп қалған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или