Хайме Мунгуйя 24 сәуірде Техаста Мацей Сулецкиге қарсы жекпе-жек өткізеді
Жеңілмеген мексикалық боксшы Хайме Мунгуйя келесі жекпе-жегін поляк Мацей Сулецкиге қарсы өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz Boxingscene.com сайтына сілтеме жасап.
Кездесу АҚШ-тың Техас штатындағы Эль Пасо қаласында 24 сәуірге жоспарланған. Дуэльді DAZN стриминг қызметі көрсетеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мунгуйя мен Геннадий Головкиннің жекпе-жегі туралы келіссөздер жүргізілген болатын, бірақ соңында тараптар келісімге келе алмады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или