Анастасия Лаврова: Олимпиада жолдамасын жеңіп алғаныма қуаныштымын
Дохада өткен Орта Азия аймағының іріктеу турнирінде қазақстандық Анастасия Лаврова Токиода өтетін Олимпиадаға лицензия жеңіп алды.
- Жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын! Эмоционалды жағдайды жеңу және ойынды жеңіске дейін жеткізу қиын болды. Бұл бір мезгілде толқытарлық және қуанышты - лицензияны жеңіп алу мен жеңіс эмоциясын сезіну! Менің жоспарымда испан лигасында жақсы ойын көрсету және Олимпиада ойындарының алдында өзімді жақсы спорттық күйге келтіру бар.
Әрине, Ойындарға түсу, ең мықты таңдалған адамдардың қатарында болу - бұл орындалған арман! Жанкүйерлерге қолдау көрсеткендері үшін алғысымды білдіремін, сіздердің арқаларыңызда мен Токиода еліміздің намысын қорғай аламын.
Сондай-ақ, мен Ұлттық Олимпиада комитетіне, Үстел теннисі Федерациясына осындай маңызды жарыстарда ел намысын қорғауға мүмкіндік бергендері үшін және біз турнирлерге барып, олимпиадалық іріктеуге дұрыс дайындалу үшін барлық жағдай жасағандары үшін алғысымды білдіремін. Және, әрине, Федерация президенті Данияр Рүстемұлына және Үстел теннисі Федерациясының барлық ұжымына мүмкіндік бергендері үшін үлкен алғысымды білдіремін.
Менің жеке жаттықтырушыларым Герасименко Геннадий Андреевичке және Татьяна Викторовнаға алғыс айтқым келеді, олар маған бала кезімнен үстел теннисіне деген сүйіспеншілікті, шыдамдылықты, еңбексүйгіштікті, табандылық пен жеңіске деген ерік-жігерді үйретті. Оларға қажырлы еңбектері мен үнемі қолдау көрсеткендері үшін үлкен рахмет айтамын, - деді теннисші.