Сағадат Мұсабеков: Жанқошқа лайықты қарсылас таптық деп ойлаймын

Сағадат Мұсабеков: Жанқошқа лайықты қарсылас таптық деп ойлаймын

Жеңілмеген қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровтың (24-0, 17КО) жаттықтырушысы Сағатбек Мұсаханов Prosports.kz тілшісіне өз шәкіртінің Тайрон Маккеннамен болатын жекпе-жегі туралы айтты.

- Сағатбек-аға, Жанқош Тұраров қалай дайындалып жатыр?

- Біз бір жарым жыл ішінде бесінші рет айқасқа дайындалып жатырмыз. Біз MTK Global-да жекпе-жек өтетін күнді анықтай алмай ұзақ жүрдік. Нәтижесінде біз лайықты қарсылас таптық. Спаррингтер аяқталды, салмақ қуу қалды. 30 наурызда Дубайға ұшамыз.

- Тұраровтың қарсыласы британдық Тайрон Маккенна туралы не айта аласыз?

- Тайрон өте жақсы боксшы. Бізді қиын шайқас күтіп тұр. Жанқош жеңіске жетудің жолын табады деп ойлаймын.

- Бір жарым жыл рингке шықпағаны оған әсер ете ме?

- Жанқош бұған дейін төрт рет жекпе-жек дайындалды, бірақ ешбірі өтпеді. Бұл жолы да тыңғылықты дайындалдық.

- Жанқоштың жарақаты бар ма?

- Құдайға шүкір, бәрі жақсы. Тек бір рет ауырып қалды, бақытымызға орай ауру тез өтіп кетті.

Еске салайық, Жанқош Тұраров - Тайрон Маккенна жекпе-жегі 3 сәуірде Дубайда (БАӘ) өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или