Нұрзат Сабыров рингке 1 мамыр күні Плант-Ситиде оралады
Екінші орта салмақта өнер көрсететін жеңілмеген қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегін АҚШ-та 1 мамырда өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Boxrec.com сайтының хабарлауынша, Нұрзат Сабыров(11-0, 9КО) қатысатын бокс кеші План Ситиде (Флорида, АҚШ) өтеді. Жекпе-жек сегіз раундқа есептеледі. Қарсыластың есімі әлі белгісіз.
Қазақстандық боксшы үшін бұл оның Штаттардағы алғашқы жекпе-жегі болады.
Бұған дейін ол барлық кездесулерін Канадада өткізген. Соңғы рет Сабыров рингке былтыр ақпан айында шыққан, ол мексикалық Рикардо Флоресті (23-8-1, 15КО) төрешілер шешіммен жеңген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или