Қазақстан құрамасы Қытайлық Тайпейді жеңді

Қазақстан құрамасы Қытайлық Тайпейді жеңді

Қазақстандық теннисшілер Гуаньчжоуда өтіп жатқан Федерация кубогының «Азия – Мұхит елдері» аймағындағы І топта Қытайлық Тайпейді ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Қазақстандықтардың жеңісті кездесуін Ярослава Шведова бастады. Ол Ли Я-Сюаньді 6:1, 6:1 тас-талқан етті. Екінші ұпайды Зарина Диас алып келді. Зарина Тайваньдық команданың көшбасшысы Сиэ Су-Вэйді қапы қалдырды – 6:4, 2:6, 7:5. Ал жұптық кездесуде Юлия Путинцева мен Кәмила Керімбаева әлемдік жұптық рейтингінде жоғары орналасқан Чань Юн-Цзянь және Чань Хао-Чин дуэтіне мүмкіндік қалдырмады – 6:0, 6:1.

Қазақстан құрамасы топтағы соңғы матчын ертең Таиланд командасына қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или