Қазақстандық жүзгіштер Түркиядағы жарыста медальді қарша боратты
Жүзуден Түркияда өткен халықаралық турнирде қазақстандық спортшылар жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Кезекті жарыс күні команда қоржыны тағы да жүлдемен толықты, деп жазады Olympic.kz.
Дмитрий Баландин 100 метрге брасс әдісімен жарысудан алтын жүлдегер атанды. Бұл оның аталған турнирде жеңіп алған үшінші алтыны. Бұған дейін ол 50 және 200 метрге брасс әдісімен жүзуден топ жарған болатын.
50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден Әділбек Мусин күміс жүлдегер атанды. Сондай-ақ, осы әдіспен 100 метрге жарысуда алтыннан алқа тақты.
Аделаида Пчелинцева 100 метрге брасс әдісімен жүзуден күміс алса, Анастасия Резанцева 50 метрге шалқалай жүзуден төртінші орын алды. Әділ Қасқабай 50 метрге еркін әдіспен жүзуде алтыншы орыннан көрінді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или