Дәурен Елеусінов рингке наурызда оралады

Кәсіпқой деңгейде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов келесі кездесуін наурыздың басында өткізеді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Дәурен қазір Астанада. Америкадағы дебютінен кейін елімізге оралды. Жақында тағы да мұхит аспақшы, отбасын да алып кетуді жоспарлап отыр. Ол жұмыс визасын күтті, оған дейін туристік визасы болған еді. Шамамен 6 наурызда оның екінші кездесуін ұйымдастыруды жоспарлап отырғанын білемін. Кездесу рейтингілік болады. Қарсыласы әзірше белгісіз», - деді Дәуреннің ағасы Данияр Елеусінов.

Естеріңізге сала кетсек, Дәурен кәсіпқой деңгейдегі алғашқы кездесуін 2014 жылдың 3 желтоқсанында Нью-Йоркте өткізген болатын. Америкалық Энтони Мэддонмен жұдырықтасқан қазақстандық қарсыласын бірінші раундта құлатып тастады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или