Екі қазақстандық боксшы Түркиядағы турнирде өзара алтын медальды сарапқа салды

Екі қазақстандық боксшы Түркиядағы турнирде өзара алтын медальды сарапқа салды

Ыстамбұлда өтіп жатқан International Istanbul Bosphorus Boxing Tournament турнирінің 91 келі салмақ дәрежесінде финалда екі қазақстандық боксшы кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осы салмақтағы финалдық жекпе-жекте Абзал Құттыбеков отандасы Сағындық Тоғамбайды жеңді.

Осылайша, Қазақстанның ерлер құрамасы Ыстамбұл турнирінде екі алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды. Қазақстан құрамасына Құттыбековтен басқа, Дархан Дүйсебай (69 келі) алтын әкелді. Дамир Әбдіқадыр (52 кг), Болат Ерсұлтан (63 кг) және Аятулла Такижанов (75 кг) қола жүлдегер атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или