Қазақстандық боксшы Мәскеудегі жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді

Қазақстандық боксшы Мәскеудегі жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді

20 наурызда Мәскеуде өтетін бокс кешінде қазақстандық Бектас Қасенай (4-0, 1 КО) кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек қарсаңында Қасенай мен оның қарсыласы тәжікстандық Баходур Усмонов (1-0) міндетті салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Қазақстандық боксшы таразыда 62,1 келіні көрсетті, ал Усмонов одан бір келі ауыр (62,1 келі) болды.

Бектас алғаш рет шетелде жекпе-жек өткізгелі отыр. Ол бұған дейін барлық кездесуін туған жері Алматыда өткізген.

Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде жартылай ауыр салмақтағы WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, ресейлік Артур Бетербиев (15-0-0, 15 KO) пен үміткер, неміс боксшысы Адам Дайнес (19-1-1, 10 KO) кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или