Қазақстандықтар Мәскеудегі кәсіпқой бокс кешін тікелей эфирден көре алады

Қазақстандықтар Мәскеудегі кәсіпқой бокс кешін тікелей эфирден көре алады

«Qazsport» телеарнасы 20 наурызда Мәскеуде өтетін кәсіпқой бокс кешін тікелей эфирде көрсетеді.

<span>Басты жекпе-жекте жартылай ауыр салмақтағы WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, ресейлік Артур Бетербиев (15-0-0, 15 KO) пен үміткер, неміс боксшысы Адам Дайнес (19-1-1, 10 KO) кездеседі. </span>

<span>15 жекпе-жектің барлығын нокаутпен ұтқан Бетербиев шаршы алаңға ұзақ үзілістен кейін оралып отыр. Ресейлік боксшы соңғы рет 2019 жылдың қазан айында жұдырықтасып, украиналық Александр Гвоздикті техникалық нокаутпен жеңген болатын. </span>

<span>Ал Адам Дайнес 2019 жылдың жазында қытай боксшысы Фаньлунг Мэнгке есе жіберіп, карьерасында алғаш рет жеңіліске ұшырады. Кәсіпқой бокс кеші «Qazsport» телеарнасында тікелей эфирде 20 наурыз 23:00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен) басталады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или