Үстел теннисі Олимпиадаға іріктеу турнирі: Кирилл Герасименко жартылай финалда жеңілд3

Үстел теннисі Олимпиадаға іріктеу турнирі: Кирилл Герасименко жартылай финалда жеңілд3

Катар астанасы Дохада үстел теннисінен Олимпиадаға іріктеу турнирі өтіп жатыр. Азия аймақтық іріктеу сынында жеңімпаз атанған екі спортшыға ғана жолдама беріледі. Өкінішке қарай, Қазақстан командасының көшбасысы Кирилл Герасименко тартысты кездесуде ұтылып қалды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Герасименко жартылай финалда өзбекстандық Зохид Кенжаевпен кездесіп, қарсыласқа 3:4 есебімен жол берді. Топтық кезеңде Кенжаев тағы бір қазақстандық спортшы Айдос Кенжеғұловты 4:0 есебімен жеңген болатын.  А

л Зәуреш Ақашева топтық кезеңде ирандық спортшыға 1:4 есебімен жол берді.  Бұл үстел теннисінен Токио Олимпиадасына жолдама беретін соңғы турнир. Десе де, Кирилл Герасименконың әлемдік рейтинг бойынша Олимпиадаға қатысатын мүмкіндігі әлі бар. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или