Шалқар Айқынбаев: «Бокста қазақ десе, әлем үркитін заман қазір»

Жастар арасындағы әлем чемпионы Шалқар Айқынбаев «PROСПОРТ» тілшісіне қазақ боксының бүгіні мен ертеңі туралы ойымен бөлісті.

«Мен үшін 2014 жыл өте сәтті болды деп есептеймін. Көптеген жарыстарда жүлделі атандым. Енді 2015 жылы ересектер боксына ауысуды жоспарлап отырмын. Басты мақсатым – осы. Тәжірибелік құрам дегенді естіген шығарсыз? Осы айда іріктеу турнирі өтеді. Соған сақадай сай дайындалып жатырмын.

Қазақ боксшыларынан жасындай жарқылдаған Бекзат Саттархановты үлгі тұтамын. Ағалар салған ізді басып өтеді деп ойлаймын. Өйткені қазір боксқа жақсы көңіл бөлінуде. Спорт залдарға шағымым жоқ, қолың қалт ете қалса, келіп, жаттықсаң болады. Оқу-жаттығу жиындары үлкен дәрежеде ұйымдастырылады. Бокста қазақ десе, әлем үркитін заман қазір. Өздеріңіз білетіндей жастарымыз 2014 жылғы Азия чемпионатында алты бірдей алтын жүлдеге ие болды. Оның алдында ересектеріміз Әлем және Азия чемпионаттарында бұрын соңды болмаған рекордтар орнатты», - деді жас боксшы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или