Ресми: Айдос Ербосынұлы Германияда жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) Германияда жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Suleimen promotions компаниясы ресми мәлімдеді.
Айдос Ербосынұлы 17 сәуірде Германияда шаршы алаңға шығуы мүмкін. Ол ресейлік Евгений Шведенкоға (15-0, 6КО) қарсы жұдырықтасады. Жекпе-жек он раундқа есептелген.
Соңғы өткізген жекпе-жегінде Айдос Ербосынұлы желтоқсан айында ганалық боксшы Исса Самирмен (19-1, 16 КО) рингке шығып, оны үшінші раундта нокаутқа жіберді. Сол жекпе-жекте Ербосынұлы өзінің барлық үш титулын сәтті қорғап шыққан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или