Үстел теннисі: Қазақстандық спортшылар Олимпиада жолдамасы үшін тартысты бастады
Бүгін, 18 наурызда Дохада үстел теннисінен Азия іріктеу ойындары басталды. Қазақстан командасы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына лицензия үшін күресті бастады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстандық спортшылар алғашқы кездесулерін өткізді. Кирилл Герасименко Эльмурод Холиковты (Өзбекстан), Зәуреш Акашева Мархабо Магдиеваны (Өзбекстан), Анастасия Лаврова Шима Сафайдан (Иран) басым түссе, Айдос Кенжеғұлов Ношад Аламияннан (Иран) жеңіліп қалды.
Қазақстандық спортшылардың келесі қарсыластары:
Кирилл Герасименко - Нима Аламиян (Иран);
Айдос Кенжеғұлов - Азамат Эргешов (Қырғызстан);
Анастасия Лаврова - Римма Гуфранова (Өзбекстан);
Зәуреш Акашева - Неда Шахсавари (Иран)
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или