Айдос Ербосынұлы Германияда жекпе-жек өткізеді

Айдос Ербосынұлы Германияда жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) Германияда жекпе-жек өткізуі мүмкін.

Айдос Ербосынұлы 17 сәуірде Германияда шаршы алаңға шығуы мүмкін. Ол ресейлік Евгений Шведенкоға (15-0, 6КО) қарсы жұдырықтасады. Жекпе-жек он раундқа есептелген.

Соңғы өткізген жекпе-жегінде Айдос Ербосынұлы желтоқсан айында ганалық боксшы Исса Самирмен (19-1, 16 КО) рингке шығып, оны үшінші раундта нокаутқа жіберді. Сол жекпе-жекте Ербосынұлы өзінің барлық үш титулын сәтті қорғап шыққан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или