Түркиядағы турнирдің алғашқы күнінде 3 боксшымыз жеңіліске ұшырады

Түркиядағы турнирдің алғашқы күнінде 3 боксшымыз жеңіліске ұшырады

Стамбулда (Түркия) бокстан халықаралық «Босфор» турнирі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың алғашқы күні Қазақстан ерлер құрамасының үш боксшысы қатардан шығып қалды.

52 келіге дейінгі салмақта Тимур Қабдешев қырғызстандық Азат Усамалиевтен, Айдос Арапов (57 келі) үндістандық боксшы Гауран Соланкиден, Аман Қазанқапов (75 келі) аргентиналық франсиско Даниэль Вероннан жеңілді.

Ал 69 келі дейінгі салмақта Қуан Қуатов палестиналық Касим Раджабты нокаутпен жеңді. Қазақстандық қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді, содан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Сағындық Тоғамбай (91 келіге дейін) да нокаутпен жеңіске жетті. Ол литвалық боксшысы Арас Дуденасты жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или