Отандық теннисшілер Олимпиадаға іріктеу турнирінде ұтылып қалды

Отандық теннисшілер Олимпиадаға іріктеу турнирінде ұтылып қалды

Дохада үстел теннисінен Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі басталды. Өкінішке қарай, қазақстандық бірінші кездесуден кейін жарысты аяқтады деп жазады Olympic.kz.

Токио Олимпиадасының тоғыз жолдамасына ерлерден 78, әйелдерден 63 спортшы таласуда.

Қазақстандық Айдос Кенжеұлов Эрик Клодқа (Люксембург) 0:4 есебімен, Зәуреш Ақашева уэльстік Шарлотт Кэриге 0:4 есебімен, Анастасия Лаврова италиялық Дебора Вивареллиге 0:4 есебімен жол берді.

Жанкүйерлер мен бапкерелер ерекше үміт артқан Кирилл Герасименов чехиялық Любомир Япчаржиктен 2:4 есебімен жеңілді.

Енді қазақстандық теннисшілер 18 наурызда басталатын Азия аймақтық іріктеу сынына қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или