«Барлық кездесуін өз елінде өткізген». Құлахметтің келесі қарсыласы туралы не белгілі
Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет (2-0, 1КО) келесі жекпе-жегін жеңіліп көрмеген венесуэлалық Хебер Рондонға (20-0, 13КО) қарсы өткізеді, деп жазады<span> </span>Prosports.kz.
Бұл туралы боксшы инстаграм желісіндегі жеке парақшасында өзі мәлімдеді.
Жекпе-жек 3 сәуірде Дубайда өтеді. Бірінші орта салмақ санатындағы кездесуде қазақстандық боксшыға тиесілі WBC International белбеуі сарапқа салынады.
Құлахметтің қарсыласы Хебер Рондон 34 жаста. Венесуэла тумасы. Солақай боксшы. Кәсіпқой мансабын 2018 жылы бастаған. Содан бері 20 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жетті (оның 13-і мерзімінен бұрын).
Рондон барлық жекпе-жегін өз елінде өткізген. Оның WBA Fedelatin аймақтық титулы бар. Оны доминикалық Брайан Мединамен кездесуде жеңіп алған (ұпай бойынша жеңіп алды).
Ал Тұрсынбайға келер болсақ, ол да солақай боксшы. Кәсіпқой боксқа былтыр ғана ауысқан. Осы уақыт ішінде екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті.
Соңғы жекпе-жегінде ол британиялық Маколей Макгоуэнді жеңіп, WBC International чемпионының белбеуіне қол жеткізген. Қазір ол Манчестерде әйгілі жаттықтырушы Джейми Мурдың жетекшілігімен жаттығып жүр.
Әуесқой бокста Құлахмет Азия чемпионатында жеңіске жетіп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. MTK Kazakhstan промоутерлік компаниясының туы астында өнер көрсетеді.
<h4>Құлахмет қашан жекпе-жек өткізеді</h4>