ПСЖ Франция чемпионатында аутсайдерлердің бірінен жеңіліп қалды
Франция 1-лигасының 29-турында «Пари Сен-Жермен» өз алаңында турнир аутсайдерлерінің бірі «Нанттан» жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матчтың 42-минутында Юлиан Дракслер ПСЖ-ны алға шығарған. Екі таймда қонақтар жауапсыз екі гол соқты. 59-минутта Рандаль Коло Муани есепті теңестірсе, 71-минутта Моузес Саймон «Нантты» алға шығарды. Қорытынды есеп - 1:2.
«Пари Сен-Жермен» 29 матчта 60 ұпай жинап, екінші орында келеді. «Нант» 27 ұпаймен 18-орында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или