Құлахмет қашан жекпе-жек өткізеді

Құлахмет қашан жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахметтің келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы боксшы инстаграм желісіндегі жеке парақшасында өзі мәлімдеді.

Жерлесіміз 3 сәуірде Дубайда шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы - венесуэлалық боксшы Хебер Рондон.

Айта кетейік, MTK Global промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен 12 қарашада Ұлыбританияда өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде Тұрсынбай Құлахмет жергілікті боксшы Маколей Макгоуэнді жеңіп, WBC International чемпионының белбеуіне қол жеткізген. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или