Үстел теннисінен Олимпиада іріктеуі: қазақстандықтардың қарсыластары белгілі болды
<span>Бүгін Катар астанасы Дохада үстел теннисінен Олимпиадаға әлемдік іріктеу турнирі басталды, деп хабарлайды Olympic.kz. </span>
<span>Ерлер арасында 78, әйелдер арасында 63 спортшы Токио Олимпиадасының тоғыз жолдамасына таласады. Олимпиада лицензиясынан үмітті қазақстандық теннисшілердің алғашқы қарсыластары анықталды. </span>
<span>Атап айтар болсақ, Айдос Кенжеғұлов Люксембург өкілі Эрик Клодпен, Зәуреш Ақашева уэльстік Шарлотт Кэримен, Анастасия Лаврова италиялық Дебора Вмиравеллимен сынға түседі. </span>
<span>Ал Қазақстан командасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Любомир Япчаржик (Чехия) - Брайн Мутуа (Кения) жұбының жеңімпазына қарсы ойнайды. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или