Қысқы

Жанбота Алдабергенова: Өткен маусымға өкпем жоқ

Жанбота Алдабергенова: Өткен маусымға өкпем жоқ
news-banner7
mobile-news-top

Шаңғы акробатикасынан Алматыда өтіп жатқан әлем кубогінің финалдық кезеңінде қазақстандық Жанбота Алдабергенова қола жүлдегер атанды. Olympic.kz сайтына сұхбат берген спортшы бүгінгі жарыс күніне және жалпы маусымға баға берді.

«Мен өзімді керемет сезінудемін. Өйткені, бәрі де ойдағыдай өтті. Шынымды айтсам, әлем чемпионатында өзімді жақсы жағынан көрсете алмағаным үшін көңілім түскен еді. Бірақ міндетті түрде медаль алатыныма сендім, тіпті, уәде бердім.

Міне, сөзімде тұрып, жүлдегер атанып отырмын (күлді). Ал бүгінгі жарысқа тоқталар болсам, жартылай финалда әлдеқайда жеңіл орындалатын, төрешілер аса жоғары баға бермейтін секіру элементін орындадым. Ал екінші мүмкіндігімде тәуекелге барып, қиын элементті алып шықтым. Біз үшін маңызды маусым енді басталады. К

омандамен бірге Бейжің Олимпиадасында бар әлеуетімізді көрсетеміз деген ойдамын. Өзім үшін өткен маусымды жақсы өтті деп айта аламын. Әлем чемпионатының басталуына санаулы күндер қалғанда өте қиын секіру элементін меңгердім, осы жарыста аталған элементті орындап, үздіктер қатарына ендім. Жарыс жолына тоқталар болсам, ұйымдастырушылардың үлкен жұмыс атқарғаны көрініп тұр. Сөз соңында жанкүйер болған баршаңызға алғыс айтамын», - дейді Алдабергенова.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер