Денис Евсеев Санкт-Петербург турнирінің финалына шықты
Қазақстандық Денис Евсеев жұптық сында ресейлік Константин Кравчукпен бірге Санкт-Петербург челленджер турнирінің финалына шықты.
Денис Евсеев пен К.Кравчук жартылай финалда тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко және ресейлік Алексей Ватутинмен кездесуі керек еді. Алайда қарсыластары кортқа шыққан жоқ.
Осылайша ойнамастан финалға жолдама алған қазақстандық-ресейлік жұп бас жүлде үшін нидерландылықтар Сэм Вербик – Йеспер де Йонгпен таласады. Финалдық бәсеке сенбі күні болады.
Осы жарыста Дмитрий Попко жекелей сында ширек финалда чехиялық Иржи Лехечкадан 4:6, 4:6 есебімен есе жіберді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или