Коточигов - Калли жекпе-жегінің тікелей трансляциясы

Коточигов - Калли жекпе-жегінің тікелей трансляциясы

13 наурызға қараған түні англиялық Болтонда қазақстандық боксшы Виктор Коточигов (12-1, 5 КО) ирландиялық Гэри Каллимен (11-0, 5 КО) жұдырықтасады, деп хабарлайды Prosports.kz

Коточигов пен Калли кездесуі 10 раундқа жоспарланған. Боксшылар жеңіл салмақта WBO тұжырымы бойынша Еуропа чемпионы титулын сарапқа салады.

Коточигов кейінгі жекпе-жегін Дубайда өткізіп, ұлыбританиялық Макси Хьюзден жеңіліп қалған болатын. Салдарынан WBC International титулын жоғалтқан еді. Ал оның қарсыласы әзірше кәсіпқой рингте жеңіліп көрмеген. 11 қарсыласының жеңген, 5 кездесуді нокаутпен тәмамдаған.  

Сондықтан, қазақстандық боксшы алдағы кездесуде жанкүйерлеріне жеңіс сыйлап, қайтадан титул иеленуге бар күшін салмақ. Бокс кеші, шамамен, түнгі сағат 1:00-де басталады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или