ҚР чемпионаты: 16 жастағы теннисші финалға жолдама алды

ҚР чемпионаты: 16 жастағы теннисші финалға жолдама алды

Елордадағы «Дәулет» спорт комбинатында теннистен өтіп жатқан қысқы ел чемпионатында жекелей сында финалистер анықталды.

<span>Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, әсіресе, «Team Kazakhstan» академиясының түлегі, 16 жастағы Аружан Сағындықова бапкерлері мен жанкүйерлерін қуантты. Ол жартылай финалда Ульяна Романованы 6:4, 6:3 есебімен тізе бүктіріп, өз спорттық жолында алғаш рет Қазақстан біріншілігінің финалына шықты.</span>

<span> Аружан алтын жүлде үшін 2016 жылғы ел чемпионы Гөзал Айнитдиновамен таласады. Ол Жанел Рүстемованы 6:0, 7:5 есебімен ұтты. </span>

<span>Ерлер арасында финалда Достанбек Ташболатов пен Григорий Ломакин кездеседі. Достанбек жартылай финалда 15 жасар Ерасыл Ерділданы 6:0, 6:2 есебімен оңай жеңді. Ал Г.Ломакин тағы бір жас теннисші Ислам Орынбасарды 6:2, 6:2 есебімен жолдан тайдырды. </span>

<span>Жұптық сында А.Сағындықова мен София Чурсина жеңімпаз атанды. Олар Карина Ризванова мен Мария Синицынаны 6:7, 7:6 (9:7), 10:7 есебімен ұтты. Ерлер арасында Д.Ташболатов пен Г.Ломакин Алексей Кедрюк пен Родион Пакты 6:3, 6:3 есебімен жеңіп, жұптық сында үздік шықты.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или