Түркістан облысында ҚР аймақтық чемпионаты өтті
Шардара ауданында бокстан 2007 -2008 жылы туған жасөспірімдер арасында бокстан Қазақстан Республикасының аймақтық чемпионаты өтті.
Тартысты әрі қызықты өткен дүбірлі додада Шардара ауданының мерейін өсірген Нұртас Ералы 42 келі салмақ дәрежесінде алтын алқаның иесі атанды.
Сонымен қатар, 44 келі салмақ дәрежесінде Елнұр Оралбай - күміс алқа , 46 келі салмақ дәрежесінде - Бекжан Бахрам қола алқаны қанжығасына байлады.
Командалық есепте Түркістан облысының командасы І орынды иемденіп, жеңіс тұғырынан көрінді. ІІ орынды Жамбыл облысының командасы, ІІІ орынды Шымкент қаласының командасы жеңіп алды.
Қазіргі уақытта облыс спортшылары сәуір айында Атырауда өтетін ел чемпионатына қызу дайындалып жатыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или