Головкиннің бұрынғы қарсыласы Мунгиямен жекпе-жек өткізуге ниетті

Головкиннің бұрынғы қарсыласы Мунгиямен жекпе-жек өткізуге ниетті

Америкалық боксшы Габриэль Росадо (25-13-1, 14 KO) мексикалық Хайме Мунгиямен (36-0-0, 29 KO) жекпе-жек өткізгісі келеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Боксшы бұл ойын инстаграм желісіндегі парақшасында жазды.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Хайме Мунгия арасындағы жекпе-жек 7 мамырға жоспарланған. Мунгиямен кездесуде GGG орта салмақтағы IBF титулын қорғайды делінген. Алайда жекпе-жек өткізу мәселесі әлі де шешілген жоқ.

Ал Габриэль Росадо 2013 жылдың қаңтарында Головкиннен техникалық нокаутпен жеңілген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или