Қысқы

15 жастағы Анастасия Городко әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

15 жастағы Анастасия Городко әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда өтіп жатқан фристайлдан әлем чемпионаты барысында параллельді могулдан әйелдер арасындағы доданың жеңімпаздары анықталды деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл сында Қазақстан қоржыны қола жүлдемен толықты. 15 жастағы қазақстандық Анастасия Городко әлемдік сында алғаш рет үздік үштікке енді.

Кіші финалда Городко канадалық Софья Гэгнонмен жарысып, қарсыласынан оқ бойы озық болды. Алтын жүлдені ресейлік Анастасия Смирнова, күмісті оның отандасы Анастасия Лазаренко иеленген.

Осылайша, Анастасия Городко фристайл-могулдан Қазақстан командасының үшінші медалін жеңіп алды.

Кеше Юлия Галышева күміс, Павел Колмаков қола медаль иеленген еді ю.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер