Тұраров титулды жекпе-жегіне тыңғылықты дайындалып жатыр. Видео

Тұраров титулды жекпе-жегіне тыңғылықты дайындалып жатыр. Видео

Қазақстандық жартылай орта салмақтағы Жанқош «Da Kazakh Kid» Тұраровтың (24-0, 17 КО) жаттығу жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп жазады Prosports.kz..

Боксшы титулды жекпе-жек алдындағы жаттығуынан бейнежазба жариялады.

30 жастағы спортшы келесі жекпе-жегін 3 сәуірде Дубайда (БАӘ) өткізеді. Оның қарсыласы - британиялық боксшы Тайрон Маккенн (21-2-1, 6 КО). Бірінші жартылай орта салмақ санатындағы жекпе-жек он раундқа есептелген.

Айта кетейік, Тұраров соңғы жекпе-жегін 2019 жылдың шілдесінде Нұр-Сұлтанда өткізді. Онда аргентиналық боксшы Мауро Максимилиано Годойды (32-6-1, 17 КО) үшінші раундта нокаутқа жіберіп, бірініш жартылай орта салмақтағы WBO Inter-Continental титулына қол жеткізді.

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или