«Күшімізге күмәнданбаймыз». Есенаманов - Беларусь құрамасына қарсы матч туралы

«Күшімізге күмәнданбаймыз». Есенаманов - Беларусь құрамасына қарсы матч туралы

Халықаралық әйелдер күні футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Минскіде 2022 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде үшінші матчын өткізеді. 

5-топта өткен екі турдан кейін Кака шәкірттерінің еншісінде 6 ұпай бар, топта көш бастап тұр. Қазақстандық футболшылар 2 наурызда Нұр-Сұлтанда өткен кездесуінде 5:2 есебімен Беларусь құрамасын жеңген. Енді Беларусь жерінде де үш ұпай олжалауға дайын.

Prosports.kz тілшісі Қазақстан құрамасының ойыншысы Шыңғыс Есенамановпен тілдесіп, алдағы ойынға дайындық туралы сұрады.

- Шыңғыс, Қазақстан құрамасы бұл іріктеуде сырт алаңда алғаш ойнайды. Минскіге сапар ауыр болмады ма?

- Шындығында, бұл сырт алаңдағы екінші матчымыз болуы керек еді, бірақ біз Израильмен ойнаған жоқпыз, өйткені бұл ел жабылды. Жалпы, Минскіге жол қалыпты болды, команда ұзақ уақыт бойы ешқайда ұшпады және мұндай жағдайда болмады. Бейімделіп үлгердік, сондықтан бәрі жақсы.

- Қазақстан құрамасының еншісінде екі ойыннан кейін алты ұпай бар. Квартет фавориті деп айтуға бола ма?

- Бізде алты ұпай бар. Біз екі кездесуде сенімді түрде жеңіске жеттік. Бәріміздің сенімділігіміз арта түсті, сондықтан да сәтті өнер көрсетуге, сондай-ақ алдағы ойында кезекті үш ұпай алуға тырысамыз. Әрине, біз белорустарды құрметтейміз, олар өз алаңында ойнайды, бірақ біз ешқашан өз күшімізге күмәнданбаймыз.

- Қазақстан белорустармен жеті күнде екінші рет ойнайын деп жатыр. Минскідегі ойыннан не күтесіз?

- Бәрі бір жағдайда. Ауыр кездесу болады, сырт алаңда ойнаймыз. Бұл қарсылас біздің алаңымызда да қысым көрсеткен. Матч 5:2 есебімен аяқталса да, ойын ауыр болды. Азулы қарсыласқа қарсы ауыр ойынға дайындалып жатырмыз.  

- Беларусь құрамасына қарсы алғашқы ойында екі гол соқтыңыз. Дүйсенбіде қанша гол соғуды жоспарлап отырсыз?

- Иә, дубль жасадым. Гол соққым келген, бір емес, екі рет қанжығамды майладым. Алдағы ойынға келсек, екі не үш гол соғуды мақсат қылмайды. Командаға көмектесу үшін мүмкіндігімізді барынша пайдалануға тырысамын. Маңыздысы - жеңіске жетіп, топтағы бірінші орынды сақтап қалу. 

- Ертең жеңіске жетсеңіздер, Қазақстан құрамасы топта қарсыластарынан озып кетеді. Ойыншылар бұл туралы ойлай ма?

- Кейбірінің мұндай ойлары бар шығар, бірақ босаңсуға болмайды, өйткені ол көптеген командаға әсер еткен. Бас бапкер қазір біздің барлық ойымыз топтағы орындар емес, ойын туралы болуы керек екенін еске салды. Біз жеңіске жетуге, өз жұмысымызды істеуге дайын болуымыз керек, әрі қарай не болады, бізді алаңдатпауы керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или