Испаниядағы турнир: Махмұд топ жарды, Левит финалда жеңілді

Испаниядағы турнир: Махмұд топ жарды, Левит финалда жеңілді

Испанияның Кастельон қаласында халықаралық бокс турнирі аяқталды. Қазақстандықтар Сабырхан Махмұд пен Василий Левит жарыстың жеңімпазы атағы үшін шайқасқан кді, деп хабарлайды Prosports.kz.

52 келіге дейінгі салмақта Сабырхан Махмуд финалда испаниялық Габриэль Эскобарды жеңіп, алтыннан алқа тақты.

Василий Левит 91 келіге дейінгі салмақта Испанияның тағы бір өкілі Эммануэль Пла Рейеске есе жіберіп, турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Испаниядағы жарыстта алты медаль жеңіп алды. Бұған дейін Серік Теміржанов, Абылайхан Жүсіпов, Бекзад Нұрдәулетов және Нұрлан Сапарбай қола жүлдегер атанған болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или