Левит Испаниядағы турнирдің финалына шықты

Левит Испаниядағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық боксшы Василий Левит халықаралық "Boxam" турнирінің финалында жұдырықтасады.

Испанияның Кастельон қаласында бокстан халықаралық бәсекенің жартылай финалдық кезеңі мәресіне жетті. 

Жарыс нәтижесі бойынша 91 келіде қазақстандық боксшы Василий Левит финалға жолдама алды. Жартылай финалда ол литвалық Тамасаукас Тадасты ұтты. 

Айта кетерлігі, тағы бір қазақстандық боксшы, 52 келіде Махмұд Сабырхан финалға жеткен болатын.  Финалдық жекпе-жектер 5 наурыз күні өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или