«Құлатар едім». Мәдиев қарсыласын актер деп атады

«Құлатар едім». Мәдиев қарсыласын актер деп атады

Қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев (13-2, 5 КО) пуэрторикалық Даниэлито Зорильяға (15-0, 11 КО) қарсы жекпе-жегі туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz. 

12 раундқа жоспарланған жекпе-жектің сегізінші раундында <span>«Зорро» Мәдиев желкесінен ұрғанын айтып, төрешіге шағымданған. Артынша кездесу тоқтап, төрешілердің шешімімен жеңіс Зорильяға берілген болатын. Кездесу «Зорроның» елінде өтті. </span>

<span>«Тағы бір-екі раундтан кейін оны құлатар едім. Ол шаршап, жұдырықтасқысы келмеді. Тағы бір-екі раунд болғанда кездесу бітер еді. Ол боксшы емес, жақсы актер», - деді Мәдиев Little Giant Boxing-ге берген сұхбатында. </span>

<span>Кейін Руслан Instagram-парақшасында кездесудің видеосын жариялап, тағы бір мәлімдеме жасады. </span>

<span>«Ин ша Аллах, біз ораламыз», - деп жазды боксшы. </span> 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или