Руслан Мәдиев титулды жекпе-жекте жеңіліп қалды
Қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев (13-1, 5 КО) титулдық жекпе-жекте Пуэрто-Рико тумасы Даниэлито Соррильядан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жекпе-жек Гуайнабодағы (Пуэрто-Рико) бокс кеші аясында өтті. Бос тұрған WBO NABO белбеуі бәске тігілді. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек он раундқа жоспарланғанымен, сегіз раундқа созылды. Соррилья қарсылас желкеден ұрып жіберді деп, шағымданды. Төреші жекпе-жекті тоқтатып, жеңісті ринг қожайынына сыйлады.
Руслан Мадиев мансабындағы екінші жекпе-жегінде жеңіліп, WBO NABO титулына қол жеткізе алмады. Ол 2019 жылдың шілдесінен бері шаршы алаңға шықпаған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или