Зәкір Сафиуллин Испаниядағы турнирде жеңіліс тапты

Зәкір Сафиуллин Испаниядағы турнирде жеңіліс тапты

Испанияның Костельон қаласында өтіп жатқан халықаралық Boxam турнирінде қазақстандық Зәкір Сафиуллин жеңіліп қалды деп жазады Olympic.kz.

63 келіде жұдырықтасқан Сафиуллин үндістандық қарсыласына ширек финалда есе жіберген.

Ал 52 келідегі Махмұд Сабырхан испаниялық Молина Сальвадор Мартинді жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

57 келідегі Серік Теміржанов та жарысты одан әрі жалғастырады. Ол АҚШ боксшысын жеңіп, жартылай финалға өтті.

69 келідегі Абылайхан Жүсіпов испаниялық Серхио Мартинесті жеңді. Абылайхан да финал жолдамасына таласады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или