Стенд атудан Қазақстан командасы әлем кубогында қола жүлдегер атанды

Стенд атудан Қазақстан командасы әлем кубогында қола жүлдегер атанды

Египеттің Каир қаласында өтіп жатқан стенд атудан әлем кубогі кезеңінде Қазақстан қоржынына кезекті жүлде түсті деп хабарлайды Olympic.kz. 

«Трап» жаттығуы бойынша Қазақстан командасы қола жүлдегер атанды. Алтын медаль Ресей, күміс Үндістан құрамасының еншісінде.  Бұл жаттығу бойынша Қазақстан намысын Сәрсенкүл Рысбекова, Айжан Досмағамбетова мен Мария Дмитриенко қорғаған болатын. 

Айта кетелік, бұған дейін Қазақстан командасы «скит» жаттығуы бойынша үздік үштік қатарынан көрінді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или