Триатлоннан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына дайындалып жатыр

Триатлоннан Қазақстан командасы Қырғызстанның Шолпан-ата аймағында жаттығу жиынын бастады деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Olympic.kz.
<span>К</span><span>оманда құрамында Дарын Қонысбаев, Арина Шульгина және Александр Автушко бар. Спортшылар 24-25 сәуір күндері Жапонияның Хацукаичи қаласында өтетін Азия біріншілігіне дайындалады. </span>
<span>Оқу-жаттығу жиыны наурыздың соңына дейін жалғасады. Алғашқы аптада жергілікті климатқа бой үйрететін спортшылар қалған үш жетіде қызу жаттығу өткізбек. </span>
<span>Еске сала кетейік, триатлоннан биылғы маусым 10 сәуір күні Шымкентте өтетін Қазақстан біріншілігінде ашылады. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или